Marca: Роналду "Реалмен" жаңа келісімге отырды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Marca хабарлағандай, жаңа келісім бойынша 28 жасар ойыншы «Реалда» 2018 жылдың жазына дейін өнер көрсетеді. Ал осы арада оның жылдық жалақысы 17 миллион еуро болып өскен. Осының арқасында Роналду Ла Лигадағы ең бай футболшы атанбақ. Одан бөлек, португалдық ойыншы өзінің суретін пайдалану құқығының үлесін де арттырып отыр. Қазіргі кезде ол 60 пайыздық үлеске ие. Ал қалған бөлігі «Реалдың» қарамағында.  

Биылғы маусым басталар алдында көптеген БАҚ Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралады дегенді жарыса жазған еді. Олардың хабарлауынша, ойыншы мұндай қадамға өзінің клубтағы жалақысына көңілі толмайтындығы себепті барған.  

Роналду "Реал" қатарында өзі өнер көрсеткен төрт маусымда 199 ресми матчқа қатысып, 201 гол соға алды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: livesport.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама