Marca басылымы “Алтын доп“ иегерін алдын ала анықтап қойды
Басылым ақпараты бойынша, ұйымдастырушылар футболшыға бұл жаңалықты хабарлап үлгерген көрінеді. Ал Nike компаниясы бразилиялық ойыншының құрметіне арнайы алтын бутсы дайындауда екен.
2024 жылғы "Алтын доп" иегерін марапаттау кеші 28 қазан күні Парижде өтеді.
Айта кетейік, өткен жылы бұл марапатты Лионель Месси жеңіп алған болатын. Биыл аргентиналық ойыншы 30 үміткер қатарына да қосылмады.