MMA тарихындағы ұлы спортшылар

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ UFC

Салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингтңғ үздіктер көшін америкалық спортшы Джон Джонс бастады. Бір қызығы ол жақында UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартты. 

Екінші орынға бразилиялық Андерсон Силва жайғасса, үштікті канадалық Жорж Сен-Пьер түйіндеді. Ресейлік Федор Емельяненко болса төртінші сатыда, ал америкалық Деметриус Джонсон бесінші орыннан көрінді.

CBS жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бар болғаны алтыншы орынға қойған. Бір уақытта UFC-дің екі салмақта чемпионы болған Конор Макгрегор тоғызыншы сатыда тұр.

CBS нұсқасы бойынша ММА тарихындағы ең үздік 10 спортшы:

1. Джон Джонс (АҚШ)
2. Андерсон Силва (Бразилия)
3. Жорж Сен-Пьер (Канада)
4. Федор Емельяненко (Ресей)
5. Деметриус Джонсон (АҚШ)
6. Хабиб Нурмагомедов (Ресей)
7. Жозе Альдо (Бразилия)
8. Даниэль Кормье (АҚШ)
9. Конор МакГрегор (Ирландия)
10. Мэтт Хьюз (АҚШ).

 
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама