Kazsport телеарнасы самбодан әлем чемпионатын көрсетеді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

Бұл жылы ұлттық құрама жетекшілері спорттық самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменовке, әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспановқа ерекше сенім артады.

Команда қатарында талантты жастар да бар. Солардың бірі – қыздар арасындағы спорттық самбо шебері Ділдәш Құрышбаева.  «Kazsport» самбодан өтетін әлем чемпионатын 14 және 15 қараша күндері көрсетуді жоспап отыр. 

Самбодан әлем чемпионатының «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілімінің кестесі: 

14 қараша, сағат 09.20 – бірінші жарыс күнінің трансляциясы;

15 қараша, сағат 13.45 – екінші жарыс күнінің трансляциясы;

15 қараша,  сағат 01:00 – қорытынды жарыс күнінің трансляциясы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама