IWF Қазақстан құрамасына 50 мың доллар айыппұл салды
IWF допинг қолданды деп күдікке ілінген спортшылар санына байланысты Әзірбайжан құрамасына 200 мың, Ресейге – 100 мың, Қазақстан, Молдова мен КХДР құрамаларына 50 мың доллардан айыппұл салды.
Айта кетейік, АҚШ-тағы додадан кейін 17 спортшы күдікке алынған еді. Олардың қатарында қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртай болған-ды. Құрамалар айыппұлды төлемеген жағдайда 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілетін жолдамалардан шеттетілетін болады.