Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанау спортында сальто жасауға рұқсат берді. Бұған дейін бұл трюкты жасауға тыйым салынып келген еді.
БӨЛІСУ
Жаңа ереже ұйымның Лас-Вегаста өткен конгресі кезінде қабылданды. Қатысушылардың көбі қолдап дауыс берген. Сальто қосылғаннан кейін секіру жаттығуларының саны қысқарған. Жаңа шешім алдағы маусымнан бастап күшіне енеді.
Сальто бұған дейін тыйым салынған элементтер қатарында болған. Оны орындаған спортшының екі ұпайы алынып тасталатын еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз