IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді
28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бұл жарыс барысында төрешілікке қатысты шағымдар айтылып, жарыстың әділдігіне қатысты елеулі күмәндер туындаған еді.
Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбек боксшыларына жасалған шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.
Оның алғашқысы Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жұдырықтасу кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.
Екінші күмәнді жекпе-жек тай боксшысы Сомчай Вонгсуан мен өзбек Адхамджон Мухиддинов арасында өтті. Мұнда да өзбек боксшысы күмәнді жеңіске жеткен.
Үшіншісі - Санжар Тәшкенбай мен өзбек Шодияржон Меликузиев арасындағы жекпе-жек. Бұл кездесу де қайта қаралады. Қазақстан бокс федерациясы соңғы раундта Тәшкенбайға қарсы төрешінің негізсіз есеп жүргізуі жекпе-жектің нәтижесіне әсер етіп, жеңісті Меликузиевке бергенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Чианг Мэйдегі Азия чемпионатында отандастарымыз 5 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!