«Golden Boy» Головкинді Альварестің алдағы қарсыластарының қатарына қосты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ google.kz

Компанияның вице-президенті Эрик Гоместың айтуынша, Сауль Альварес өзінің келесі жекпе-жегін бес салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион америкалық Флойд Мейвезермен (49-0, 26 КО) төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы пуэрто-рикалық Мигель Коттомен (40-5, 33 КО) немесе орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (35-0, 32 КО) қарсы өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес осыған дейін Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан. Ол жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша мексикалық жеңіліс тапқан болатын. Ал жақында ғана Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға асықпайтынын айтып, WBC чемпиондық белбеуінен бас тартқан еді.

Мексикалық боксшының қарсыластарының тізіміне британдық Лиам Смит пен Билли Джо Сондерс, сонымен қатар америкалық Дэниэл Джейкобс пен Шон Портер де еніп отыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама