GGG Канеломен жұдырықтасса қанша сыйақы алуы мүмкін?
- Головкиннің командасы Қазақстанға сол күйі келмеді. Сондықтан да Головкин Астанада жекпе-жек өткізбейтін шығар деп ойлаймын. Боксшының менеджері Головкиннің қазір Сауль Альвареспен (Канело) жекпе-жек өткізуге дайындалып жатқанын айтты. Оның командасы Канеломен келіссөз барысында жақсы сыйақыға келісті деген мәліметті естедім. Тіпті Головкиннің сыйақысы 100 миллон доллар болуы мүмкін деген мәлімет бар. Сондықтан да олар Сондреспен кездесуден бас тартып отыр. Өйткені, Сондерспен кездесетін болса, Головкин жарақат алып қалуы ықтимал ғой. Егер жарақат алатын болса, Альвареспен жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келеді, - дейді.
"Yahoo! Sports" порталының журналисі Крис Мэнникс те өз дереккөзіне сілтеме жасап, Головкин-Сондерс жекпе-жегі маусым айында өтпейтінін айтқан. Мұның орнына Головкин бар назарын Канеломен жекпе-жекке салып отыр. Ал мексикалық боксшының промоутерін бұл жаңалық қуантты. ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль де Сондерспен жекпе-жек болмайды деп хабарлады.
Ал Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель да британиялық Билли Джо Сондерс пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек мүлде болмайтынын айтты.