GGG брендімен киім үлгілері сатылымға шықпақ
Осы тұста GGG атты брендтің патенттелгенін, соған байланысты оны басқа біреулердің өз мақсаттарына пайдалануы заңсыз екендігін де айта кетейік. Бірақ соған қарамастан, соңғы кезде аталған есіммен бірнеше киім әртүрлі сауда орындарында сатылып жатқан көрінеді. Осыған байланысты Генаның командасы өз жанкүйерлеріне ресми өнімнің жарыққа шыққанына дейін күте тұруды өтінеді.
Головкиннің ұжымы қазірдің өзінде GGG брендінің аясында әртүрлі киімдер шығару жұмысымен қызу айналысуда. Ол бірнеше нұсқада және де әртүрлі формадағы киімдер болмақ. Алдын-ала болжамдар бойынша, бұл киімдердің барлығы италиялық фабрикаларда тігіледі деп күтілуде.
Бастапқыда тек боксшының түпнұсқалық жазбалары басылған футболкалар сатылмақ. Олар Геннадий Головкиннің 26 сәуір күні Нью-Йоркте өтетін кездесуі алдында өз жанкүйерлеріне жол тартады деп күтіліп отыр. Ескерте кетейік, қазақстандық боксшының кездесу өткізетін уақыты белгіленгенімен, әзірге қарсыласы анықталған жоқ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: vk.com