FIFA карантин кезінде YouTube-те тарихи матчтарды көрсетіп жатыр

Massaget.kz Корреспондент

YouTube-арнада матчтар премьера режимінде жоспарланған. Видеоны кейін кез келген уақытта көруге болады. Бүгін 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатындағы 1/8 финалда кездескен Аргентина мен Бразилия құрамаларының ойыны көрсетіледі. Көрермен Диего Марадона, Клаудио Таффарель сияқты даңқты футболшылардың өнерін тамашалай алады.

Бұған дейін Франция-Бразилия (ӘЧ-2006) және Бразилия-Франция (ӘЧ-1986) матчтары көрсетілді. Әр видеоны сипаттамасына ФИФА #WorldCupAtHome хэштегін қойып, көрерменге карантин кезінде үйде болуға үндеген.

Коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа чемпионаты 2021 жылға шегерілген еді, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы сынды турнирлер мен ұлттық чемпионаттар тоқтатылды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама