Eco Race-2014 ралли-марафоны мәреге жетті
Қазақстандық Mobilex Racing командасының мүшелері Қанат Шагиров пен Александр Морозов – Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов жалпы есепте 13-ші, 16-шы орындардын көрінді. Шагиров-Мороз экипажы өз тобында тоғызыншы орын алып, өз санатында екінші тұғырдан көрінді. Сазонов және Сахимов жұбы өз тобында 12-орын алып, өз санатында бесінші боп танылды. Қазақстандық экипаждың екеуі де Hummer H3 Evo көлігімен қатысты.
Africa Eco Race-2014 ралли-марафонының жеңімпазы болып француздық экипаж Жан-Луи Шлессера мен Тьери Магнальди танылды. Бұл жұп барлық 11 этапты 35 сағат, 13 минут, 6 секундта жүріп өткен. Екінші орынды бельгиялық экипаж Жака Луманса мен Фрица Дрисманса иеленді. Олардың көрсеткіші – 1 сағат, 42 минут, 14 секунд. Үштікті тағы да бір бельгиялық экипаж Стефана Хенрарда мен Бруно Барбиера (+2:55:13) түйіндеді.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық автошабандоздар Africa Eco Race-2014 ралли-марафонының үш этабында жүлделі үшінші орын иеленді. Үшінші этапта Шагиров-Мороз экипажы үздік үштіктің қатарынан табылса, артынша Сазонов пен Сахимов жұбы бұл жетістікті қайталады. Алтыншы этапта да жерлестеріміз үшінші болып келді.
Қоса кетер болсақ, Africa Еco Race – «Дакар» секілді халықаралық ралли-марафон. Бұл жылы автокөліктер Марокко, Мавритания және Сенегал елдерін басып өтті.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: Vesti.kz