Cерік Сәпиев ел чемпионатында ерекше көзге түскен үш боксшының есімін атады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Weproject.kz

- Маған кімдердің жекпе-жегі ұнады дейсіз бе? Олар – Олжас БайниязовАсланбек Шымбергенов және Әділбек Ниязымбетов. Бәрі де жақсы жұдырықтасты. Бірақ үшеуін ерекше атап өтуге болады, - деді Серік Сәпиев.

Ал жас боксшылар арасында Санатәлі Төлтаевтың жұдырықтасуын жоғары бағалады.

Айта кетейік, бокстан ХХV ел чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары бірінші орын алды. Олар 3 алтын 2 күміс 3 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Маңғыстау облысының боксшылары ие болса, үштікті Жамбыл облысының боксшылары түйіндеді. Жеңімпаз атанған боксшылар жайлы мына сілтеме арқылы толық біле аласыздар.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама