«Australian Open». Әйгілі Джокович өзбекстандық теннисшіден ұтылып қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ausopen.com

Новак Джокович пен Денис Истомин арасындағы ойын 4 сағат 48 минутқа созылды. Нәтижесінде «АТР» рейтингінде 117-орында тұрған өзбекстандық теннисші басымдығын байқатып кетті. Корттағы тартысты ойын 7:6 (10:8), 5:7, 2:6, 7:6 (7:5), 6:4 нәтижесімен Денистің пайдасына шешілді. Новак Джокович ойында 72 рет қателікке бой алдырды.

Серб теннисшісі «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде соңғы рет 2008 жылы ғана екінші айналымда ұтылған. Одан бергі аралықта фаворит екенін дәлелдеп келген-ді. Өткен жылы дәл осы «Australian Open» турнирінде жеңімпаз атанған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама