Astana Pro Team командасының шабандозы Дубайда екінші орыннан көрінді
Андреа Гуардини бельгиялық қарсыласы - Etixx-Quick Step командасының мүшесінен 4 секундқа қалыс қалды. Осылайша, Марк Кавендиш жарыс көшбасшысы атанды. Гуардинидің бұл табысында Тур де Франс-2014 турнирінің жеңімпазы Винченцо Нибалидің үлесі бар екендігін айта кеткен жөн. Үздік үштікті италиялық Team Sky командасының мүшесі Элия Фивиани түйіндеді. «Тур Дубай-2015» жарысының қатысушылары әлі 3 кезеңді басып өтуі тиіс. Ақтық сын 7 ақпан күні өтеді.
сурет: mpora.com