Astana Marathon – 2019: отандасымыз Гүлжанат Жанатбек екінші орын алды
Биылғы елорда төріне Түркия, Өзбекстан, Белгия,Украина, Аустралия, Аустрия, Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Италия, Кения, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппин, Польша, Румыния, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания,, БАӘ, Эфиопия, Ұлыбритания, АҚШ,Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Италия, Кения, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппин, Польша, Румыния, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания,, БАӘ, Эфиопия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінен марафоншылар қатысқан.
Ерлер арасындағы айтулы бәсекеде мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан желаяқ Өзбекстан Республикасының азаматы Зiкiролла Мамагулов. Ол 42,5 шақырым қашыөтықты 2 сағат 26 минутта бағындырған. Ал мәре сызығын екінші болып 2 сағат 26 минут 53 секундта Владислав Мамедов кесті. Үздік үштік төрінен Олег Байтуканов көрінді. Оның нәтижесі 2 сағат 28 минут 3 секунд.
Жеңімпаз желаяқтарға иеленген орындарына қарай 1 млн, 500 мың және 250 мың теңгенің сыйақы сертификаттары табыс етілді.
"Нұр-Сұлтан қаласына бiрiншi рет келiп отырмын. Əлемдiк деңгейде марафон ɵтедi деген соң бағымды сынайын деп Ташкенттен арнайы келдім. Жүгiру спортымен айналысқаныма бiраз уақыт болды. Бiрақ 1-орын аламын деп ойлаған жоқпын. 35 шақырымға дейiн жеңiл жүгiрiп, қалған 7,2 шақырымда бар күшiмдi салдым", - дейдi ерлер арасында марафон жеңімпазы атанған өзбекстандық Зiкiролла Мамагулов.
Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис
Ал әйелдер арасында қырғызстандық Юля Андреева бірінші болып келген. Оның нәтижесі 2 сағат 28 минут 42 секунд. Екінші болып мәре сызығын 2 сағат 33 минут 25 секундта жерлесіміз Гүлжанат Жанатбек кесті. Үштіктен Екатерина Сундукова (2 сағат 45 минут 41 секунд) көрінді. Жеңімпаздарға көрсеткен нәтижелеріне қарай 1 миллион, 500 мың және 250 мың табыс етілді.