«Astana Arlans» командасының капитаны таңдалды

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

Бүкіләлемдік бокс сериясында ел намысын қорғайтын «Арландар» арасында Қанат Ісләмнің кәсіпқой боксқа ауысуына орай жабық дауыс беру арқылы жаңа капитанды сайлау рәсімі өткен болатын. «Астана спорт» басылымы таратқан хабарламаға қарағанда, былғары қолғап шеберлерінің көпшілік дауысымен Самат Башенов команда капитаны болып сайланды. Сондай-ақ, құрамына Ержан Мүсәпіров, Сергей Деревянченко, Роман Капитоненко мен Рамжон Ахмедов енген жаңадан құрылған Спортшылар кеңесінің мүшесі болып отыр.

Болат Манкенов, «Астана Арланс» командасының президенті:

Клубтың былтырғы капитаны Қанат Ісләм командамыздан кетіп, кәсіпқой боксқа ауысқан соң, командаға жаңа капитан таңдау керек болды. Жаңа капитан таңдау барысына мен де, бапкерлер де араласқан жоқпыз. Жігіттер өздері жиналып, жасырын дауыс беру арқылы таңдады. Жаңа маусымнан бастап енді капитандық қызметті өте тәжірибелі Самат Башенов атқаратын болады. Әрине, біз қуаныштымыз. Самат жүктелген міндетті сеніммен атқарады деп ойлаймыз. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: tengrinews.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама