Денис Тен «Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

Ардақ Құлтай Корреспондент

Жұмағұловтың ресми құттықтау хаты 2 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясында оқылды.

«Білім және ғылым министрлігінің атынан және өз атымнан Денис Тенді мәнерлеп сырғанаудан әлемдік чемпионатта керемет өнер көрсетуімен және «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алуымен құттықтаймын» - делінген хатта.

Естеріңізге сала кетсек, 19 жастағы Денис Тен Канаданың Лондон қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстанның тұңғыш медалін иеленген болатын. Тенді тек канадалық мәнерлеп сырғанаушы Патрик Чан ғана басып озып еді. Ол жалпы есепте 267,78 ұпай жинаған, ал еркін бағдарламада қазақстандық спортшыдан ұтылып қалған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: КазАСТ

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама