Атырауда екі ер адам тірідей шұңқырға көміліп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Басылым мәліметінше, 18 маусымда екі ер адам Атырау қаласындағы "Жұлдыз" шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанынан шұңқыр қазған. Сол кезде су құбыры жарылып кеткен. Соның салдарынан қазылған шұңқырға топырақ үйіндісі құлаған. Екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, шыға алмай, екеуі де оқиға орнында қайтыс болған.

Қайтыс болғандардың бірі - 1989 жылғы, екіншісі 1999 жылы туған. Қазір полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты тергеу амалын жүргізіп жатыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама