Жамбыл облысының тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты

Есет Төлеш Корреспондент
Фото ©️ 24.kz

Телеарна мәліметінше, мамандар Қайнар ауылынан 12 шақырым жердегі елсіз таулы аймақта жарылыс жасап жатыр. Дүйсенбіден жұмаға дейін саперлар 720 минаны жояды. Жарылыс жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін 500 келіге жуық оқ-дәрі жойылған. Жарылыс болатын жерді облыс әкімдігі берген. Мамандар апта сайын жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жарылыстардан қорықпауға және түсіністікпен қарауға шақырады.

Жарылыс жұмыстары кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама