ӘЧ-2021. Асланбек Шымбергенов өзбек кәсіпқой боксшысын жарыс жолынан шығарды

Нұржамал Үсенова Корреспондент

71 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыздың мысы басым болды. Бірінші раундта төрешілердің толық дауысын алды. Екінші раундта бес төрешінің төртеуі Асланбекті жеңімпаз деп таныды. Нәтижесінде қазақ боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Шахрам Гиясов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. 2019 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ширек финал үшін өтетін жекпе-жекте отандасымыз Германиядан барған Магомед Шахидовпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, жұма күні шаршы алаңға шыққан 4 қазақ боксшысы да жеңіске жетті. Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея елінен келген боксшыға мықтылығын мойындатса, Айбек Оралбай поляк боксшысы Матеуш Березницкиден басым болды. 60 килоға дейінгі салмақта Саматәлі Төлтаев тай боксшысын ұтып шықты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама