Жансай Смағұлов Ташкенттегі турнирде күміс жүлдегер атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент

Жансай бірінші белдесуінде ұлыбританиялық Эрик Хамды жеңді. Одан кейін Швейцариядан келген Нилс Стампты жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда өзбек дзюдошысы Муроджан Юлдашевпен белдесіп, жеңіп шықты.

Жартылай финалда армян Фердинанд Карапетянмен жолы түйісті. Белдесуде отандасымыз жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде моңғол Цогтбаатар Ценд-Очирмен кездесіп, қарсыласымен тең белдесті. Тіпті жеңіп шыққан. Төрешілер соңғы сәтте әдісті қайта қарап, жеңісті моңғол спортшысына берді.

Айта кетейік, кеше 60 килоға дейінгі салмақта Елдос Сметов күміс медаль жеңіп алған болатын.

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама