Дзюдодан Еуропа чемпионаты өтетін уақыт белгіленді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ ҚР ҰОК

Аталған құрлықтық дода Олимпиада ойындарына ұпай берілетін жарыс болып қала береді. Еуропа біріншілігі Чехия астанасы Прага қаласында 8-10 қараша өтеді деп жоспарлануда.

Дзюдодан Еуропа чемпионатының 2020 жылға ұсынылған жаңа күндері расталды, бұл шара Токио-2020 біліктілік процесінің бөлігі болып қала бермек.

Енді жарыс Прагада 8 мен 10 қараша аралығында Чехияның астанасы O2 Arena-да өтеді деп жоспарланған.

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасы 2021 жылға ауыстырылды. Осыған орай, мамыр айында өтеді деп жоспарланған Еуропа чемпионаты қараша айына қалдырылған.

 
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама