Жаңа белбеу. Головкин Деревянченконы жеңді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ DAZN

74,4 келіге дейінгі орта салмақта жұдырықтасқан спортшылар арасындағы жекпе-жек барлық он екі раундқа созылды. Бірінші раундта Геннадий Головкин қарсыласцн жойқын соққылар жасап, нокдаунға түсірген. Осыдан кейін он екі раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары болып, айқын жеңіске жетті.

Осылайша Головкин орта салмақтағы IBO және IBF чемпиондық белбеулерін иемденді. 

Бұл – Геннадий Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты кездесуінің екіншісі. Бұған дейін канадалық Стив Ролсты нокаутпен жеңген болатын.

Бокс кешінде Головкинмен бірге қазақстандық Әли Ахмедов жұдырықтасты. Ол америкалық Эндрю Эрнандесті бар болғаны 44-секундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл – оның мансабындағы 16-жеңіс.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама