Twitter танымал 50 қара нәсілді футболшының парақшасын бақылауға алады

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Фото ©️ vbetnews.com

Өткен маусымда көптеген футболшылар расизм мәселесіне байланысты әлеуметтік желілерге 24 сағаттық байкот жариялаған еді. Содан соң Twitter, Instagram, Facebook мамандары бұл мәселені талқылау үшін Англия кәсіби футболшылар қауымдастығы мүшелерімен кездескен.

Нәтижесінде Twitter өз саясатына жаңалықтар енгізуде. Енді микроблок нәсілшілдің проблемасына қарсы белсенді күрес жүргізеді. Сонымен бірге, әлемге әйгілі 50 қара нәсілді футбол жұлдызының парақшаларын үнемі бақылап отырады.

Бұған дейін нәсілдік кемітушілік мазмұнындағы хабарлар тек зардап шегуші адам хабарласқанда ғана қарастырылатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама