Абылайхан армян боксшысынан айласын асырды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Жекпе-жек үшінші раундтан кейін жалғасқан жоқ. Абылайханның қарсыласы жұдырықтасудан бас тартты.

- Баршаңызға үлкен рақмет айтамын. Қолдау білдіріп, жанкүйерлік танытқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Әлемнің ең мықты боксшыларымен жұдырықтасуға дайынмын, - деді жекпе-жек соңынан Абылайхан Құсайынов.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен Доминикан Республикасынан келген Хулио де Хесус жұдырықтасады. Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Сапарбай Айдаров, Арман Рысбек, Бексұлтан Раушанов, Берікбай Нұрымбетов, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек барлығы қарсыластарын айқын жеңіп шықты.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама