Головкинді қолдап үздік видео түсіргендер арасында байқау жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Геннадий GGG Головкин (vk.com)

Сайт ақпараты бойынша байқауға әлеуметтік желілерге #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе, #vestikz хэштегтерімен (жазбада барлық бес хэштег көрсетілуі тиіс) видео жариялаған кез келген қазақстандық қатыса алады. 

Редакция үздік үш видеоны таңдап, жеңімпаздарға Головкиннің Нью-Йорктегі жекпе-жегінен GGG есімі жазылған бренд бас киімді сыйлайды.

Байқауға қатысу жолы өте оңай. Отандасымызды қолдап, үздік видео түсіріп, Instagram желісінде жоғарыдағы хэштегтермен жарияласаңыз болғаны. GGG кепкасы сіздікі болуы бек мүмкін.

Айта кетейік, байқау 7 маусымға дейін жалғасады. Үздік видеолар 10 маусымда Vesti.kz порталында жарияланады.

Жуырда қарағандылық кеншілер де кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді қолдап, айрықша флешмоб ұйымдастырған болатын.

Геннадий Головкин келесі кездесуін 8 маусым күні (Қазақстанда 9 маусым таңда) Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс. Отандасымыз DAZN стримингтік сервисіндегі келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегіне шығады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама