Френк Лэмпард жарақатына байланысты төрт ойында алаңға шықпайды

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

Чемпиондар Лигасы аясында өткен кездесуде «Челси» командасының жартылай қорғаушысы Лэмпард жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Енді ол жарақаты жазылғанша алда болатын ойындарға қатыса алмайды. Лэмпард «Манчестер Юнайтедпен» өткен ішкі біріншіліктегі ең маңызды ойындардың бірін өткізіп те жіберді. «Челси» командасы дәрігерлерінің айтуынша, Фрэнк алдағы «Шахтермен» болатын қарымта кездесуде және ұлттық құрама сапында әлем біріншілігіне іріктеу ойындарында да өз командасына көмектесе алмайды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: avtopravda.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама