Айдар Шәрібаев колумбиялық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ diamondring.kz, vk.com/kazproboxing

"Top Rank" және "All Star Boxing" промоутерлік компанияларының ұйымдастыруымен өтетін жекпе-жек кеші АҚШ-тың Киссимми қаласында өтеді. Айдардың қарсыласы – колумбиялық Даулис Прескотт. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2006 жылы 20 жасында бастаған Даулис осы күнге дейін 36 айқас өткізіп, соның 31-інде жеңіске жеткен. 23 рет қарсыласын нокаутқа жіберген. 2012 жылы жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде WBA чемпиондық белбеуінен үмітті болып, ямайкалық Николас Уолтерске қарсы шаршы алаңға шыққан. Алайда, техникалық нокаутпен жеңілген.

Боксшылар бүгін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Фото: vk.com/kazproboxing

Естеріңізге сала кетейік, Айдар Шәрібаев 28 қазан күні Машантакетте Колумбияның басқа боксшысы Карлос Падильямен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, соңғы сәтте қарсыласының денсаулығына байланысты жекпе-жек болмай қалған. Ал колумбиялық боксшы Падильядан әлдеқайда мықтырақ.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама