"Астана" "Оқжетпесті" ұтып чемпиондық атаққа жақындай түсті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Астана ФК

Ойындағы есепті бірінші болып 11 минутта Иван Маевский ашты. Бұрыштамадан асырылған допты беларусь жартылай қорғаушысы қақпаға баспен тура бағыттады. 20 минутта Джуниор Кабананга көкшетаулық команда қақпасында екінші рет доп тулатты.

"Астана" ойыншылары екінші таймда да екі гол соқты. 61 минутта Патрик Твумаси тура соққы бағыттап, "Оқжетпес" қақпашысы Михал Голубничийді қапы қалдырды. Ал 80 минутта Ренат Абдуллин қақпа алдында допты сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соғып алды.

XXXI турдан кейін "Астана" 76 ұпаймен көш басында келеді. Алматылық "Қайрат" елордалық ұжымнан 4 ұпайға қалып тұр. Келесі турда (28 қазан) "Астана" мен "Қайрат" кездеседі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама