Головкин – Альварес жекпе-жегі наурыз айында өтуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Геннадий GGG Головкин (вк)

Бұл туралы мексикалық боксшының келісімшарттарымен айналысатын, Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес айтты. Қос боксшы арасындағы екінші кездесудің қашан өтетіні нақты белгіленген жоқ. Алайда бүгінде көптеген бокс мамандары бұл жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп айтып жүр.

- Екінші кездесудің нақты қашан өтетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе де келіссөздер кезінде шешіледі. Мүмкін жекпе-жек мамырдан бұрын да өтуі мүмкін. Дегенмен кездесуді мамыр айында өткізген қолайлы. Бұл ең алдымен PPV үшін", - деп хабарлады Гоместің сөзін BoxingScene порталы.

Айта кетейік, қазан айының басында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне ресми келісім берген еді. Екі боксшының командасы қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама