Иван Дычко кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ alau.kz

Жекпе-жекті ширақ бастаған Иван қарсыласын бірден соққылардың астына алды. Америкалық боксшы бой көрсете алмады. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық боксшыны айқын жеңімпаз ретінде таныды.

Қос боксшы арасындағы кездесу 4 раундқа жоспарланған болатын.

Иван Дычко маусым айында америкалық "The Heavyweight Factory" компаниясымен келісімшартқа қол қойған болатын. Компания АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама