Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

27 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін 29 қыркүйек күні Далласта өткізеді. Қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт. Ол кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіп, біреуінде жеңілген. 

Аса ауыр салмақтағы қос боксшы арасындағы жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған. 

Иван Дычко маусым айында америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа қол қойған болатын. Компания АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама