Қанат Ислам тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Бірінші раундты канадалық боксшы белсенді бастады. Қанат болса қарсыласының осал тұсын тауып,  сәті келгенде соққы жасап қалуға тырысты. Ал екінші раундта дәл соққыларымен қарсыласын бір есеңгіретіп алғандай болды.

Қанат қарсыласының жұдырықтасу мәнерін жетік бақылап, үшінші раунд соңында жойқын соққысымен канадалық боксшыны нокдаунға түсірді. Брэндонды бұл сәтте гонк дауысы ғана құтқарып қалды. Төртінші раундта канадалық тек қорғанумен болды.

Бесінші раундта Қанат қарсыласын кезекті рет нокдаунға түсірді. Бірақ Брэндон жылдам ес жиып үлгерді. Спорттық мансабында алғаш рет өзге елде жұдырықтасып жатқан канадалық сегізінші раундта тағы бір рет тізерледі. Тоғызыншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Қанат техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Брэндон Кук спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.

Айта кетейік, Астанада өткен бокс кешінде қазақ боксшыларының барлығы жеңіске жетті. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама