Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшыны уақытынан бұрын жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан айласын асыра білді. Үшінші раундта бір рет қарсыласын нокдаунға түсірсе, төртінші раундта айқын жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы төртінші рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.

32 жастағы Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Осыған дейінгі үш кездесуінде де қарсыластарынан басым түскен.

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама