Головкин - Альварес жекпе-жегіне 5 болжам

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Bloody Elbow

Автордың пайымдауынша, Сауль Альварес төрешілердің көбісінің шешімімен жеңіске жетеді.

"Бірінші қорытынды: "Канело" нокаутпен/техникалық нокаутпен жеңеді
Ықтималдылығы: тым аз

Екінші қорытынды: "Канело" бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетеді.
Ықтималдылығы: 20 пайыз

Үшінші қорытынды: "Канело" етене ұрыста төрешілер шешімімен жеңіске жетеді
Ықтималдылығы: 60 пайыз

Төртінші қорытынды: Головкин етене ұрыста төрешілер шешімімен жеңіске жетеді
Ықтималдылығы: 50 пайыз

"Бесінші қорытынды: Головкин нокаутпен/техникалық нокаутпен жеңеді
Ықтималдылығы: 40 пайыз

Болжанған қорытынды: "Канело" төрешілердің көбісінің шешімімен жеңіске жетеді", - делінген мақалада.

Флойд Мейвезер мен оның әкесі алдағы жекпе-жекте мексикалық боксшының жеңіске жететінін айтқан еді. Ал украиналық Владимир Кличконың бапкері Джеймс Али Башир Головкиннің сөзсіз жеңіске жететініне сенімді.

Өз кезегінде Сауль Альварестің промоутері бұл жекпе-жектің сегіз раундтан аспайтынын болжайды.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама