Қазақстан құрамасы Польшадан да 3:0 есебімен ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ reuters

Ойындағы есепті 11 минутта Аркадиуш Милик ашты. Оның баспен бағыттаған добын Давид Лория қайтара алмады. Бірінші таймда осы голдың есебі бойынша поляктар алда болды. Ал екінші тайм басында Қазақстан құрамасы гол соққан. Дегенмен латвиялық төреші Сергей Хижниченконың соққан голын есепке алмады.

72 минутта Роберт Левандовский айып соққысын сәтті орындады. Давид Лория допты қайтарғанмен, қақпа ішінен кері қайтты. Қақпа маңындағы төреші қателесіп, нәтижені есепке алмады. Дегенмен араға бірер минут сала Польша құрамасы ойындағы екінші голын соғып тынды. Камил Глик бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, есепті еселеді.

86 минутта төреші Андрис Триманис Юрий Логвиненко ойын ережесін бұзды деп танып, Қазақстан құрамасы қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Роберт Левандовский мүлт кеткен жоқ.

3 ұпайға ие болған Польша құрамасы топта көш бастады. Іріктеу кезеңінің аяқталуына әлі екі тур бар. 5 қазан күні Қазақстан құрамасы түзде Румыниямен ойнаса, араға үш күн сала Астанада Армения құрамасымен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама