"Барселона" Неймардың орнына ойыншы алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Каталондық клуб футболшы үшін неміс командасына 105 миллион еуро төлейтін болады. Сондай-ақ қосымша сыйақы да береді. Клуб пен футболшы бесжылдық келісімшартқа қол қойған.

Усман Дембеле командада 11-нөмірмен ойнайды. Осыған дейін бұл нөмірде Неймар ойнап келген еді. Футболшы 28 тамыз күні Барселонаға барып, медициналық тексеруден өтетін болады.

Шабуылшы дортмундтық клубқа өткен жазда ауысып келген еді. "Ренн" командасынан 15 миллионға сатып алған-ды. "Боруссия" сапында 50 ойынға қатысып, 10 гол соқты. 22 нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама