Неймар ПСЖ сапындағы бірінші ойынында-ақ гол соқты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Europe 1

"Генгам" командасының стадионында өткен ойында ПСЖ қарсыластарына 3:0 есебімен айқын басымдығын танытты. 52 миунтта Жордан Икоко өз қақпасына гол соғып алды. Араға 10 минут сала Эдинсон Кавани Неймар асырған пасты сәтті пайдаланып, ойындағы екінші голын соқты.

Неймар ПСЖ сапындағы бірінші голын 82 минутта өз еншісіне жазды. Париждік келесі ойынын өз алаңында "Тулузаға" қарсы өткізеді.

Айта кетейік, ПСЖ бразилиялық футболшыны "Барселонадан" 222 миллион еуроға сатып алған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама