Фируза Шәріпова болгар боксшы қызымен чемпиондық атаққа таласады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ google.kz

Фирузаның қарсыласы тәжірибелі боксшылардың бірі. Соңғы жекпе-жегінде IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Светлана Кулаковамен жұдырықтасқан. Оған дейін ирландиялық Олимпиада чемпионы Кэти Тейлор, IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа ие Майво Хамадучемен (Франция) қолғап түйістірген. Қазіргі таңда Милена Колева әлемдік рейтингте Фирузадан жоғары тұр.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова шаршы алаңға шығатын бокс кеші 26  тамыз күні өтеді. Бокс кешінің басты кездесуіндегі жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама