Мейвезер мен МакГрегор кездесуі 26 тамызда өтетін болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ MMANews.info

Флойд Мейвезер спорттық мансабында жеңіліп көрмеген боксшылардың бірі. Кәсіпқой бокста 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет 2015 жылы отандасы Андре Бертоны жеңген болатын. Кәсіпқой бокстың арқасында ең ірі табысқа кенелген спортшылардың бірі.

Конор МакГрегор болса әлем жұртшылығына UFC (аралас жекпе-жектен кездесулер өткізетін ұйым) жекпе-жектері арқылы танылды. Ұйым тарихында екі бірдей салмақта (жеңіл және жартылай жеңіл салмақта) әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. 24 кездесуге шығып, 21-де жеңіске жеткен. Ал кәсіпқой бокста алғаш рет бақ сынамақ.

Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жегін сарапшылар мен спорт жанкүйерлері асыға күткенмен, мол қаржы үшін ұйымдастырылғалы жатқан кездесу екенін жақсы түсінеді. Себебі бұл кездесуден 636 миллион АҚШ доллары шамасында табыс түсетіні белгілі болып отыр. Ал жекпе-жек үшін әр спортшы 100 миллин доллар көлемінде сыйақы алатын болады.

Кездесу Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді. Сондай-ақ бұл аренада 16 қыркүйек күні отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес те жұдырықтасады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама