Америкалық журналист Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына таңғалды

О Сансызбай Корреспондент

"Төрт жыл бұрын ешкім білмеген қазақстандық жігіт НБА ареналарымен бірдей ареналарда көп адам жинады, Jordan компаниясымен келісімшарт жасасты және бокстағы ең табысты жекпе-жек өткізді. Crazy", - деп жазды Макдональд Twitter желісінде. Кейін бұл жазбаны GGG промоутері Том Леффлер бөлісті.


35 жастағы Геннадий Головкин АҚШ-та 2010 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол 10 жекпе-жек өткізді. Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте кездесу өткізді. 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама