"Реал" талантты жас бразилиялық футболшыны сатып алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Eurosport

"Корольдік клуб" 2018 жылдың шілде айынан бастап 17 жастағы шабуылшымен толықтай келісімшартқа қол қоя алады. Ол кезде Винисиус Жуниор 18 жасқа толады. Ойыншы 2019 жылдың шілдесіне дейін "Фламенгодағы" мансабын жалғастыра береді. Егер клуб басшылығы келісіп жатса, шабуылшының одан ертерек "Реал" сапына қосылуы да мүмкін.

Жас шабуылшы үшін "Реал" қанша қаржы шығындағаны әзірге белгісіз. Батыстық басылымдардың жазуы бойынша Винисиус Жуниордың трансфер құны 45 миллион еуроға бағаланып отыр екен.

Винисиус Жуниор наурыз  айында өткен Оңтүстік Америка құрлығындағы 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамалар арасындағы чемпионатта көзге түсті. Жарыстың үздік сұрмергені атанып, еуропалық бірнеше алпауыт командалар скауттарының назарына іліккен болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама