"Реал" "Барселонадан" 3 ұпайға озды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Regnum

Виго қаласында өткен кездесуде Зиннедин Зидан шәкірттері 4:1 есебімен жеңіске жетті. Криштиану Роналду (10 және 48 минут) дубль орындаса, Карим Бензема (70 минут) мен Тони Кроос (88 минут) бір-бір голдан соқты. Ал алаң иелері сапынан бір голды Йон Гвидетти (69 минут) өз еншісіне жазды. 62 минутта "Сельта" командасынан Яго Аспас ойыннан қуылды.

"Сельтаны" жеңген "Реал" Испания чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда 90 ұпаймен қайта көш басына шықты. "Барселона" 3 ұпайға қалып тұр.

Соңғы турда "корольдік клуб" сырт алаңда "Малагамен", "Барселона" өз алаңында "Эйбармен" кездеседі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама