"Қайрат" УЕФА кубогында қола жүлдені қанағат тұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ afckairat.kz

"Қайрат" пен "Югра" арасындағы ойын негізгі уақытта тең аяқталды. Командалар бір-бірінің қақпаларына бес-бес голдан соқты. Ал ойын соңындағы пенальти орындауда алматылық клубтың ойыншылары мергендік танытты. Пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, "Қайрат" жартылай финалда Испанияның "Интер Мовистар" командасына 3:2 есебімен есе жіберіп алған болатын.

Финалда испандық клуб пен Португалияның "Спортинг" командасын 7:0 есебімен ұтып, өз тарихында төртінші рет УЕФА кубогын жеңіп алды.

УЕФА кубогы 2016/17. Финалдық кезең. Үшінші орын үшін өткен ойын

«Югра» (Ресей) 5:5 (2:3 пенальти бойынша)  «Қайрат» (Қазақстан)

«Югра»: Купатадзе, Шаяхметов, Афанасьев, Марсенио, Давыдов, Слемзин, Копейкин, Лысков, Эдер Лима, Котляров, Кайо, Чишкала, Сигнев, Катата

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней, Ронкальо, Жаманкулов, Тайеби, Сүлейменов, Дуглас , Эвертон, Дрот, Кабреува, Есенаманов

Гол соққандар: Шаяхметов 2, Кайо 14, , Лысков 23, Диваней 37 (автогол), Марсенио 40  - Дрот 9, Давыдов 16 (автогол), Тайеби 24, Кабреува 33, Диваней 39

Төрешілер: Алессандро Малфер (Италия) , Габор Коваш (Венгрия)

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама