"Барселонаның" бас жаттықтырушысы қызметінен кететін болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ 112.ua

- Мен келесі маусымнан бастап "Барселонаны" жаттықтырмаймын. Бұл – мен үшін ең қиын шешім болды. Көп уақыт ойландым. Клубтың маған сенім артқанына алғысым шексіз. Мұнда ұмытылмастай үш жылымды өткіздім, - деген Луис Энрике.

Жаттықтырушы каталондық клубтың тізгінін 2014 жылдың мамыр айында ұстаған еді. Одан бергі аралықта екі рет Испания чемпионатын, екі рет Испания кубогын жеңіп алды. 2015 жылы Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Қазіргі таңда "Барселона" 57 ұпаймен Испания чемпионатында көш бастап тұр. Олардан 1 ұпайға қалып келе жатқан мадридтік "Реалдың" еншісінде әлі бір артық ойыны бар.

Айта кетейік, Луис Энрикенің қызметінен кететіні "Барселонаның" Чемпиондар лигасында Францияның "ПСЖ" командасынан 4:0 есебімен ұтылғанынан кейін айтыла бастаған еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама