Денис Тен Азия ойындарында 10-орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Ізтұрған Алдауев

Денис қысқа және еркін бағдарлама нәтижелерін қоса алғанда 198,88 ұпай жинады. Нәтижесінде бар болғаны 10-орынды қанағат тұтты.

Ерлер арасындағы екінші мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев қос бағдарлама бойынша 189,59 ұпай жинап, 12-орын алды.

Алтын медальды жапон спортшысы Уно Шома (281,27 ұпай) жеңіп алды. Күміс және қола медальдар Қытай елінің спортшылары Цзинь Боян мен Янь Ханьға бұйырды.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы бәсекеде отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама