Қазақстандық шаңғышы Универсиада ойындарындағы екінші медалін алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ almaty2017.com

Бұл сында алтын медаль ресейлік спортшы Анна Нечаевскаяға бұйырды. Ол 5 шақырымға созылған қашықтықты 13:29.7 минутта жүріп өтті. Күміс медальды да ресейлік спортшы иеленді. Кеше 5 шақырымға созылған еркін стильде жүгіруде алтын алған Лилия Васильева бүгін күмісті қанағат тұтты. Ол отандасынан 18.1 секундқа қалып қойды. Ал қола медальды еншілеген отандасымыз Анна Шевченконың нәтижесі 13.51 минутқа тең болды.

Еске салайық, кеше Анна Шевченко 5 шақырым қашықтықта қола медаль алған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама