Головкин «WBC» ұйымының мәртебелі сыйымен марапатталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Орта салмақта  WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз әлемдегі мерейі үстем боксшы ретінде танылып отыр.  «WBC» арнайы сыйы осындай құрметке ие боксшыға беріледі. Мәртебелі марапатты әйгілі америкалық боксшы Марвин Хаглер табыстады.

Өз кезегінде Геннадий Головкин «WBC» ұйымының жұмысына табыс пен сәттілік тіледі. Аталған ұйымның чемпионы атану үлкен құрмет екенін де тілге тиек етті.

Айта кетейік, GGG «WBC» ұйымының жыл қорытындысы бойынша ең үздік боксшысы атағына да ұсынылған болатын. Дауыс беру ұйымның ресми сайтында өткізілуде. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама