Батыр Жүкембаев мексикалық боксшыны бесінші раундта нокаутқа жіберді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Канада елінде өткен кездесу бес раундтқа созылды. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Бұл Батырдың кәсіпқой бокста алтыншы жекпе-жегі әрі алтыншы нокауты.

Монреальдегі бұл кештің басты жекпе-жегі әлемнің экс-чемпионы Давид Лемье мен аргентиналық Кристиан Риос арасында өтті. Көпшілік күткен кездесу төрешілердің шешімімен Лемьенің жеңісімен аяқталды.

Еске салсақ, Батыр Жүкембев соңғы жекпе-жегін Селесио Сантосқа қарсы өткізіп, 2 раундта жеңіске жеткен болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама